Жаңалық

Оқытушылар есептілігі азайды

Ruh.kz порталы ҚР БҒМ баспасөз бөліміне сілтеме жасай отырып, мұғалімдерді көптеген есептіліктен арылту үшін заңды негіздер пайда болғандығын хабарлайды. 

Орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері толтыруға міндетті құжаттардың нақты тізбесі белгіленді. Артық есептілікті талап еткені үшін лауазымды тұлғалар айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Мектеп басшысы мен оның орынбасарлары толтыратын нақты қажетті құжаттар тізімі де белгіленген, қажеті жоқ құжаттар алынып тасталды.

Жаңа оқу жылынан бастап жоғары оқу орындарында да қатаң есептегі құжаттардың 11 формасы алынып тасталды, бұл оқытушыларға сабаққа дайындалуға және кәсіби дамуға көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік береді.

Басқа материалдар

Back to top button