Жаңалық

Биатлоннан Қазақстан кубогының жеңімпаздары анықталды

Алматы облысында «Алатау» шаңғы-биатлон кешенінде биатлоннан Қазақстан кубогының екінші кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Ruh.kz Oltmpic.kz сайтына сілтеме жасай отырып. 

24 желтоқсан күні спортшылар жекелей сайыстар бойынша өзара мықтыны анықтады.

Жарыс нәтижесінде ерлер арасында Шығыс Қазақстандық Ильдар Хамитов үздік атанды. Павлодарлық Маким Браун мәре сызығын екінші болып кессе, ақмолалық Петр Ермоленко үздік үштікті қорытындылады. Ал әйелдер арасында павлодарлық Дарья Климина кубогты иеленді.

Қазақстан облысының өкілі Ольга Полторанина екінші орыннан көрініп, күміспен күптелсе, ақмолалық Алина Коломиец қоланы қанағат тұтты.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button