Жаңалық

Қазақстан – түркі әлемінің қара шаңырағы

Павлодар қаласының №36 экологиялық бағыттағы жалпы орта білім беру бейіндік мектебі «Түркі әлемінің генезисі» арнайы жобасы аясында «Қазақстан – түркі әлемінің қара шаңырағы» атты қызықты да танымдық іс-шаралар кешенін ұйымдастырды. 

Шарада мектепішілік «Ұлы Жібек жолындағы мәдениет пен дін» онлайн сурет көрмесі өткізілді. Іс-шара мақсаты – әлем діндеріне деген құрметті қалыптастыру және кең байтақ Қазақстан жерінің тарихи маңыздылығын мектеп оқушылары арасында насихаттау. Сондай-ақ балаларды бейнелеу өнерінің эстетикалық сұлулығына баулу.

Көпғасырлық тарихымызға қызығушылық танытуға көмектесу, біздің бастауларымыз бен этникалық дүниетаным негіздерінің бірлігін қалыптастыру мақсатындағы іс-шараның келесі кезеңі − «Түркі мәдениеті мен түркітілдес елдердің мәдениетін зерттеу және дәріптеу» онлайн конференциясы ұйымдастырылды. Конференцияға тарих ғылымдарының кандидаты, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті Қайрат Батталов қатысты.

«Рухани тәрбие кез келген халықта маңызды, өз елінің тарихы мен мәдениетін білу әрбір адамның міндет», – деді № 36 мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Зоя Михайловна.

Павлодар облысы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Back to top button