Жаңалық

Отбасы институты не үшін керек?

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес төрт ай бұрын құрылған Шымкент қаласындағы «Shanyraq» отбасы институтының жұмысы жанданып, нақты нәтижелер көрсетуде. 

Осы жылдың қыркүйек айында жұмысын бастаған орталық қызметіне 4029 аз қамтамасыз етілген және көпбалалы аналар жүгінді.

 

Оларға орталық мамандары ақпараттық қолдау, психологиялық, құқықтық кеңес беру, атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсыру, тұрғын үй кезегіне тұру, Еqov.kz порталынан қызметтерін алу мәселелері бойынша көмек ұсынды.

 

Сонымен қатар, мамандар 2148 отбасымен телефон арқылы байланысып, тиесілі азық-түлік үлестері бойынша анықтау жұмыстарын жүргізген.

 

«Shanyraq» институты көпбалалы және мұқтаж отбасыларға қолдау көрсету мақсатында қаладағы 26 мекемемен бірлескен түрде жұмыс жүргізіп келеді.

 

Орталық мамандарымен 48 кездесу, 7 бизнес-тренинг, 9 психологиялық – тренинг өткізілген.

Басқа материалдар

Back to top button