Жаңалық

«Еркін сөз - 2020» байқауының жеңімпаздары анықталды

Түркітілдес журналистер қорының HALYK BANK серіктестігімен, отандық БАҚ өкілдері арасында қаржы және банк саласы бойынша ұйымдастырған «Еркін сөз – 2020» шығармашылық байқауының жеңімпаздары анықталды. 

Байқау «Үздік мақала», «Сайттағы үздік мақала», «Үздік телесюжет» аталымдары бойынша өткізілді.

Қазылар алқасының құрамында UIB Бизнес мектебінің директоры, қаржыгер Мақсат Халық, «Егемен Қазақстан» газетінің шолушысы Анар Төлеуханқызы, БАҚ және телерадио хабарларын тарату саласы қызметкерлері Кәсіподағының төрағасы Зейін Әліпбек, Жезқазған аймақтық «Дидар» телеарнасының Бас продюсері Мақпал Орынбетова, елімізге танымал тәжірибелі журналистер Есей Жеңісұлы, Жұлдыз Әбділда, Анар Тұрмағамбетова, Halyk Bank баспасөз қызметкері Досбол Арыстанбеков болды.

«Үздік мақала» аталымы бойынша жеңімпаз болғандар:

Бас жүлде – Жанаргүл Қадырова, «Отарқа» газетінің Бас редакторы, Екібастұз қаласы;

Ынталандыру сыйлығы – Асылбек Нәсіпқалиұлы, БҚО Қазталов ауданы «Жайық пресс» ЖШС Қазталов аудандық филиалы «Ауыл айнасы» аудандық газетінің тілшісі;

Ынталандыру сыйлығы – Мұрат Аяғанов Павлодар Облысы Павлодар қаласы «Сарыарқа самалы» газеті Бас редакторының орынбасары.

«Сайттағы үздік мақала» аталымы бойынша:

Бас жүлде – Еңлік Қабдеш, Алматы облысы Талдықорған қаласы Алматы облыстық «Жетісу» газетінің тілшісі;

Ынталандыру сыйлығы – Мейіржан Әуелханұлы, Алматы облысы Талғар ауданы Тұздыбұлақ ауылы www.KzNews сайтының редакторы;

Ынталандыру сыйлығы – Әмірболат Құсайынұлы, Алматы облысы Іле ауданы, «Azattyq Ryhy» ақпараттық сайтының тілшісі;

«Үздік телесюжет» аталымы бойынша:

Бас жүлде – Асима Нұрбайқызы, Нұр-Сұлтан қаласы, QAZAQSTAN РТРК тілшісі;

Ынталандыру сыйлығы – Раушан Сайлауқызы, Нұр-Сұлтан қаласы, QAZAQSTAN РТРК тілшісі;

Ынталандыру сыйлығы – Арнат Орынбасарұлы, Алматы қаласы «Атамекен бизнес» телеарнасының тілшісі.

«Еркін сөз – 2020» шығармашылық байқауы жеңімпаздарының жүлде алған материалдары Түркітілдес журналистер қорының ресми сайтында жарияланады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button