Жаңалық

Мұзафар Әлімбаев атындағы мектеп ашылды

Павлодарда ашылған білім ордасы «Заманауи мектеп» бағдарламасы бойынша салынып, жабдықталды, деп хабарлайды Ruh.kz порталы Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасай отырып.

«Затон» шағын ауданындағы мектептің құрылысы 2019 жылы басталған. Нысан мерзімінен бұрын пайдалануға берілмек.

Мектеп Павлодар облысының Шарбақты ауданында дүниеге келген тарихи тұлға Мұзафар Әлімбаевтың атына берілген. Ақын, жазушы «Балдырған» журналының негізін қалады. Оның шығармалары 38 тілге аударылды.

«Баршаңызды осындай маңызды оқиғамен құттықтаймын. Балалар мен ұстаздар тезірек партаға оралып, жаңа мектепте білім алуына тілектеспін. Мектептегі жасалған жағдай балалардың құлшыныспен білім алуына мүмкіндік береді деген ойдамын», – деді Әбілқайыр Сқақов

600 орынға арналған оқу ордасында барлық кабинеттер «Заманауи мектеп» бағдарламасы бойынша жабдықталған. Асханасында оқушылар дайындалған асқа баға бере алатын және басшылық тағамдардың сапасын бақылай алатын Е-pit жүйесі бар.

Өңірде осы жылы алты мектепте «Заманауи мектеп» бағдарламасы бойынша күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Басқа материалдар

Back to top button