Мақала
2021 жылы сұраныста болатын 30 мамандық
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2021 жылы Қазақстанда қандай мамандықтар сұранысқа ие болатынын айтты, – деп хабарлайды Ruh.kz.
Министрлік топ мамандықтар тізімін 2021 жылы экономика мен бизнестің қалпына келуін ескере отырып жасаған. Осылайша, Қазақстанда ең сұранысқа ие болуы мүмкін мамандықтар:
- шаштараздар;
- күзетшілер, инкассаторлар және соған ұқсас мамандықтар;
- бухгалтерлер;
- мектепке дейінгі білім берудегі тәрбиешілер;
- қоғамдық ғылымдар бойынша орта мектеп мұғалімдері;
- жаратылыстану ғылымдары бойынша орта мектеп мұғалімдері;
- науқастарды күту жөніндегі Орта медициналық персонал;
- жылжымайтын мүлікпен және басқа меншікпен операциялар жөніндегі агенттер;
- дүкен сатушылары және олардың көмекшілері;
- ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудегі біліктігі жоқ жұмысшылар;
- бастауыш мектеп мұғалімдері;
- орта мектеп мұғалімдері;
- АБҚ қосалқы кәсіби персоналы;
- аралас өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерін өндіретін фермерлер мен жұмысшылар;
- аспазшылар (аспазшыларды қоса);
- тракторшылар;
- құжат айналымы және басқа да кеңсе жұмыстары бойынша супервайзерлер;
- басқа біліктігі жоқ жұмысшылар;
- ғимарат қарауылдары мен күзетшілері;
- жүк көлігінің жүргізушілері;
- дала және көкөніс өсірушілер;
- көшелер мен базарлардағы саудагерлер;
- математика ғылымдары бойынша орта мектеп мұғалімдері;
- сантехниктер;
- жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды жүзеге асыратын күзетшілер;
- есепшілер мен бухгалтерлердің көмекшілері;
- фермерлер мен мал өсіретін жұмысшылар;
- спорт жаттықтырушылары мен оқытушылар;
- фермерлер және егістік дақылдарын өсіру жөніндегі жұмысшылар;
- терапия саласындағы дәрігерлер.
Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар кәсіптің жойылып бара жатқанын болжаған болатын. Олар банкир, жеткізуші және жүргізуші. Бұл жасанды интеллект пен роботтандырудың дамуына байланысты.