Жаңалық

Қазақ астаналарының тарихы

Қазақ хандығынан бастап Тәуелсіз Қазақстан Республикасына дейінгі қазақ астаналарының қысқаша тарихы. 

І. Қозыбасы. Жәнібек пен Керей бастаған Ақ Орда хан ұрпақтары ел ордасын Шу бойындағы Қозыбасына әкеліп тікті. Бұл Сығанақтың саяси маңызын әлсіреткен стратегиялық қадам еді.

ІІ. Созақ қаласы – 1465-1469 жылдар арасында қазақ астанасы болды. 1723-27 жылдары көптеген шапқыншылықтан зардап шеккен қалалар тізімінде. Қала ХІХ ғасырда бос қалды. Қала аумағындағы «Хан мазарында» Әбілқайыр мен Жәнібек хандардың сүйегі жатыр.

ІІІ. Сығанақ қаласы – 1469-1511 жылдары қазақ астанасы болған Ақ орданың бас қаласы. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан маңызды сауда мен қолөнер орталығы. Сығанақ қаласы туралы алғашқы деректер Х ғасырдағы шығармаларда кездеседі.

ІV. Сарайшық – 1511-1521 жылдары аралығында қазақ астанасы болған Алтын Орданың ірі сауда орталығы. Тарихшылар Сарайшық (Сарай-Жүк) қаласының пайда болуын Бату хан шапқыншылығымен байланыстырады.

V. Сығанақ – 1521-1599 жылдар аралығында қайтадан қазақ астанасы болды. Қала жалпы алғанда 120 жыл қазақ астанасы болған.

VI. Түркістан – 1599-1729 жылдары Есім ханның тұсында қазақ астанасы болған қала. Ақсақ Темір салғызған, қазақ хандары мен биші, билеушілері, батырлары жерленген Қожа Ахмет Ясауи кесенесі де осы қала маңында орналасқан.

VII. Орынбор – 1920-1925 жылдары ҚазАКСР астанасы болды. Орынбор қаласы әкімшілік қала ғана емес, қазақ зиялылары топтасқан, қазақ мәдениетінің де астанасы болған еді.

VIII. Ақмешіт – 1925-1927 жылдары ҚазАКСР астанасы болған қала. Елорда болған жылы қала атауы «Қызылорда» деп өзгертілді.

IX. Алматы – 1927-1997 жылдар аралығында ҚазАКСР астанасы болған қала. Ел астанасының Сыр өңірінен Жетісуға ауысуына Түркістан-Сібір темір жолының іске қосылуы да әсер етті.

X. Ақмола – 1997 жылдан осы уақытқа дейінгі Қазақстан Республикасының астанасы. 1998 жылы қала атауы «Астана» болып өзгертілді. 2019 жылы қалаға жаңа «Нұр-Сұлтан» атауы берілді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button