Жаңалық

«Абай. Китаб тасдиқ» кітабының тұсаукесері өтті

Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен хәкім Абайдың 38-ші қара сөзіне негізделген тұңғыш ғылыми монография – «Абай. Китаб тасдиқ» кітабының тұсаукесері өтті. 

Салтанатты шараға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Жанар Бектаева, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Жиында алғаш болып сөз алған қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан аталған кітаптың абайтану ғылымына қосқан үлесі айрықша екенін атап өтті.

134302608_836023893608411_8920949653526468119_o.jpg

«Кемеңгерді кеңірек таныту, оның жүрегіне терең бойлау – қазақ баласы үшін рухани тәрбиемен сусындаудың негізгі жолы деп білемін. Міне осының дәлелі ретінде Әзімхан Үсенұлы ұсынған ғылыми монографияның өскелең ұрпақ үшін құндылығы зор», – деді Шыңғыс Мұқан.

Сондай-ақ белгілі жазушы, журналист Мархабат Байғұт жас ғалымның Қазақстанда алғаш болып Абай Құнанбайұлының 38-ші қара сөзінің түпнұсқасын тауып, шағатай тіліндегі транскрипциясын жасап шыққанын тілге тиек етті.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button