Жаңалық

Кентауда түйе шаруашылығы қолға алынуда

Қазақстанда ауыл шаруашылығының маңызды бір саласы түйе шаруашылығын дамытуға айрықша көңіл бөлініп келеді, деп хабарлайды Ruh.kz Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметтерінше, өңірге қарасты Кентау қаласында түйе шаруашылығымен айналысатындардың қатары өткен жылмен салыстырғанда 30%-ға артқан.

«Мемлекет басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Сындарлы-қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында еліміздің негізгі ресурсы ретінде ауыл шаруашылығын атап өткен болатын. Бұл ретте Қазақстанда ауыл шаруашылығының маңызды бір саласы түйе шаруашылығын дамытуға айрықша көңіл бөлініп келеді.

Мәселен, Кентау қаласы маңындағы Оранғай ауылы «Ару ана» шаруақожалығы мемлекеттік бағдарлама аясында 19 млн. теңге көлеміндегі төменгі пайызбен несие алып, осы қаражатқа 10 түйе сатып алған. Шаруақожалығының жұмысы ілгері басып, екі жылда түйе басын бес есе көбейткен. Әр түйе он литрге дейін сүт береді. Бүгінде тапсырыс берушілердің саны артқан. Шаруашылық төрайымы, көпбалалы ана Бақыткүл Қасымбекова қазақ төрт түліктің төресі санаған түйені өсіруді отбасылық кәсіпке айналдырып, алдағы уақытта кәсібін ұлғайтуды көздейді», – делінген таратылған хабарламада.

 

Басқа материалдар

Back to top button