Жаңалық

Нұрсұлтан Назарбаевқа «Алғыс» ордені табыс етілді

Қазақстан Православ шіркеуінің басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александр Қазақстанның Тұңғыш Президентіне «Алғыс» орденін табыс етіп, Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздегі дінаралық келісімді нығайтуға қосқан үлесін атап өтті, деп хабарлайды Ruh.kz elbasy.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Сіз Қазақстанның өркендеуі жолында көп шаруа атқардыңыз. Ең бастысы – дінаралық татулық пен ұлтаралық келісім. Бұл – халыққа жайлы, берекелі және жақсы өмір сүруге, мемлекеттің дамуына мүмкіндік беретін қос тірегіміз. Қалың көпшіліктің атынан Сізге зор алғыс айтуға рұқсат етіңіз. Сіз бар ғұмырыңызды туған жерге қызмет етуге арнадыңыз», – деді Астана және Қазақстан митрополиті.

Нұрсұлтан Назарбаев митрополит Александрға дінаралық және этносаралық татулық пен келісімді сақтау ісіне сіңірген еңбегіне жоғары баға бергені үшін ризашылығын білдірді.

«Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап біз толеранттылықты, барлық этностар және діни конфессиялар достығы мен сенімін нығайту саясатын ұстандық. Бірлік пен достық – тұрақтылық пен дамудың кепілі», – деді Қазастанның Тұңғыш Президенті.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button