Жаңалық

Парламенттік сайлау жаңа саяси маусым ашып, елдегі үдерістердің қарқынын арттырады

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастыруымен ««Қазақстан сайлау қарсаңында: сарапшылар қауымдастығының көзқарасы» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті, деп хабарлайды Ruh.kz Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуге қатысушылар сайлау процесінің конституциялық негіздерін, саяси партиялардың сайлау алдындағы белсенділігінің ерекшеліктерін, сондай-ақ сайлау науқанының трендтері мен саяси-технологиялық жаңалықтарын талқылады.

ҚСЗИ директоры Зарема Шаукенованың айтуынша, пандемия кезіндегі қазіргі сайлау науқаны саяси партияларға түсетін жүктемені арттырды.

Сонымен қатар, сараптамалық талқылау аясында гендерлік теңгерім және Қазақстандағы сайлауды тәуелсіз бақылау практикасы мәселесі көтерілді.

«Қазіргі сайлау науқанының бір ерекшелігі – партиялардың тізімдеріне жаңа тұлғалардың, әсіресе әйелдер мен жастардың қосыуы. Бұл президенттік бастаманың жүзеге асырылуының айқын белгісі. Сонымен қатар, Саяси партиялар коронавирустық пандемия жағдайында жұмыстың жаңа форматына тез бейімделудің жоғары қабілетін көрсетті: іс-шаралардың бір бөлігі онлайн режимге ауыстырылды, барлық заманауи байланыс арналары пайдаланылды, осылайша Қазақстандағы қоғамдық-саяси алаң қазіргі заманғы талаптарға сәйкес қарқынды және прогрессивті дамып келе жатыр деп сипаттауға болады. Алдағы парламенттік сайлауда жаңа саяси маусым ашылады және елдің саяси процестерінің динамикасы анықталады. Парламенттің жаңартылған құрамы өз жұмысын бастамас бұрын, саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды одан әрі жүргізу үшін заңнамалық базаны қалыптастыру қажет», – деп атап өтті институт басшысы.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарын сайлауға 10 халықаралық ұйымнан, сондай-ақ 31 шет мемлекеттен 398 бақылаушы аккредиттелді.

Басқа материалдар

Back to top button