Жаңалық

Кітап көрмесі басталды

Шымкенттегі А.С.Пушкин атындағы Түркістан облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында «Тәуелсіздіктің 30 белесіндегі – 30 әдебиет» кітап көрмесі бастау алды. 

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылған шараға зиялы қауым өкілдері мен көзі қарақты оқырмандар қатысты.

Аталған іс-шараның мақсаты – тарихи кітаптарды наси­­хаттау. Қоғам қайраткері Мархабат Байғұт пен Бастарбек Пірімбетов арнайы қатысып, кітап көрмесінің тұсауын кесті. «Болашақ ұрпаққа ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, ел ертеңі үшін маңызды», – дейді зиялы қауым өкілдері.

Кітап көрмесінде проза, поэзия, драматургия, аударма, балалар әдебиеті бағыттары қамтылып, оқырман назарына ұсынылды.  Сонымен бірге Елбасы кітаптары мен суреттері, мемлекет құру жолында атқарған жұмыстары жинақталған. Батыр бабаларымыздың биік рухына тағзым ету және тарихынан тағылым алу – баршамыздың міндетіміз, – деді «Қазақстан салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» Түркістан облыстық филиалының төрағасы Бастарбек Пірімбетов.

А.С.Пушкин атындағы Түркістан облыстық әмбебап ғылыми кітапхана директорының орынбасары Раушан Бабажанова мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатынын, кітапхана оқырмандар үшін қызмет ететінін айтты.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button