Жаңалық

Елорданың жас көрермен театрында «Ұлдар» драмасы сахналанды

Спектакль – жас режиссер Ерназар Жаңатілектің дебюттік қойылымы, деп хабарлайды Ruh.kz.

Нұр-Сұлтан қаласының Музыкалық жас көрермен театры 2021 жылды Ф.Достоевскийдің «Ағайынды Карамазовтар» романының желісімен сахналанған «Ұлдар» спектаклімен бастады.

Театр директоры Асхат Маемиров драма Ф. Достаевскийдің 200 жылдығына орайластырылғанын тілге тиек етіп, қойылымның ересек адамдарға да ой салатын көркем шешімдерге құрылғандығын алға тартты.

«Еліміздің шығыс өңірінде ізі қалған, Шоқанның досы болған қаламгердің туындылары қазақ театрында бұрын-соңды қойылмаған. Достаевский шығармалары қазақ көрерменіне алғаш рет жол тартты. Қойылым – режиссер Ерназар Жаңатілектің де дебюттік жұмысы.

Спектакль жасөспірімдер өмірінен көрініс береді. Олардың адамға, қоғамға, қоршаған ортаға деген көзқарастары, күнделікті өмірдегі бір-бірімен қарым-қатынастары баяндалып, достық мәселесіне аса мән берілген. Бұл әр заманда өзектілікке ие тақырып. Өйткені қазір де, бұрын да жасөспірімдер адал достықтың иесі, немесе, керісінше, амал достықтың құрбаны болып жатады. Ол балалық психологияның шеңбері болғанымен, жасөспірімдер ғана емес, ересек адамдарға да ой салатын көркем шешімдерге құрылған қойылым», – дейді театр директоры.

Естеріңізге сала кетейік, тұсаукесер қаңтардың 11, 12, 13 күндері өтті. Басты рөлдерді Еламан Иманбаев, Дінислам Нұрмағамбетов, Асылхан Төлепов, Саламат Мұқашев сомдады.

Басқа материалдар

Back to top button