Жаңалық

Нұр-Сұлтанда Мариин театрының солистері өнер көрсетеді

Мариин театрының солистері елордалық өнер сүйер қауымның назарына «Шерткіш» балетін ұсынбақ деп хабарлайды Ruh.kz «Астана Балет» театрының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресейлік әртістер «Астана Балет» театрының сахнасында П. Чайковскийдің музыкасына Василий Вайнонен қойған «Шерткіштің» нұсқасын көрсететін болады. Машенька мен Шерткіштің партиясын Мариин театрының әртістері – прима-балерина Оксана Скорик пен солист Евгений Коновалов, «Астана Балеттің» жетекші солисттері Татьяна Тен мен Сүндет Сұлтанов орындайды.

«Астана Балеттің» баспасөз қызметінің хабарлауынша, театрдың кәсіби әртістерінен бөлек, спектакльге Қазақ ұлттық хореография академиясының жүз алпысқа жуық студенті мен оқушысы қатысады.

«Вайноненнің «Шерткіш» балеті ертегідей жарқын әрі сиқырға толы спектакль саналады. Бәлкім, балаларға арналғандықтан шығар. Оның үстіне, өнер көрсететін де балалар. Спектакльге Қазақ ұлттық хореография академиясының жүз алпысқа жуық студенті мен оқушысы қатысады.

«1958 жылы Мариин театры өзінің «Шерткішін» Ваганова атындағы Орыс балеті академиясына сыйға тартып, сол кезден бастап, оқу орнының түлектері бұл спектакльді дипломдық туынды ретінде орындап, үлкен сахнада өнер көрсетіп, мол тәжірибе жинақтайтын болды. Спектакль негізіне қуыршақ пен тышқан королі туралы Э. Гофманның неміс ертегісінің А. Дюма-әке баяндаған нұсқасы алынып отыр. Спектакль сценографиясын жобалап, жасап шыққан Жандос Омаров, костюм суретшісі – Ольга Шаишмелашвили. Симфониялық оркестрдің жетекшісі маэстро Арман Оразғалиева», – деп мәлімдеді театрдың баспасөз қызметінде.

«Шерткіш» балеті «Астана Балеттің» театрында 29 және 30 қаңтарда сахналатын болады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button