Жаңалық

«Тас жүректі тіліммен тілімдедім» байқауы жарияланды

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай облыстық байқау жариялады. 

Байқау екі бағытта ұйымдастырылады:

1.     «Қазақтың қара өлеңі – құдіретім» бағыты. ​

Мұқағалиға арнау өлеңін жазбаша жолдайды және ақынның бір өлеңін мәнерлеп оқып, әлеуметтік желідегі facebook, instagram аккаунттарын белгілеп жариялайды. Сондай-ақ, #Мұқағали90жыл хештегін пайдалану міндеттеледі. Байқау қорытындысын анықтарда мәнерлеп оқу мәнеріне және бейнеролик сапасына мән беріледі;

2.     Мұқағали шығармашылығындағы ұлттық таным.

Бұл бағытта Мұқағали шығармашылығындағы ұлттық таным, ұлттық код пен болмыстың мәнін ашып, зерттеу мақаласын жазады. Шығарманы бағалауда мазмұнына, идеясына, құрылымына, көркемдігіне және тақырыптың жан-жақты ашылуына мән беріледі. Әр автордың шығармасы Times New Roman қарпімен, 1,5 интервалымен, 14-кегльмен терілуі, 3 беттен кем болмауы шарт.

Байқауға 18-45 жас аралығындағы азаматтар қатыса алады.

Байқауға барлық шартқа сай әзірленген шығармалар қабылданады.

Ұсыныстар 2021 жылғы 18 қаңтардан бастап, 5 ақпанға дейін қабылданады.

Материалдардың электронды нұсқасы, қатысушының аты-жөні, тұрғылықты мекенжайы, телефон нөмірі, электронды мекенжайы туралы ақпарат (жеке куәлігінің көшірмесі) басқармаға ұсынылады.

Байқауға келіп түскен шығармаларды танымал қаламгерлерден құрылған қазылар алқасы сараптайды.

Байқауға түскен барлық шығарма іріктеліп, үздік деп танылғаны басқарманың ресми сайтында және «Мұқағали» республикалық әдеби-мәдени танымдық журналында жарияланады.

Жеңімпаздарды марапаттау уақыты қосымша хабарланады.

Байланыс: 8(7282)40-01-62, 8 700 980 50 83, факс: 30-59-50, e-mail: arsalan.aidana@mail.ru

Басқа материалдар

Back to top button