Жаңалық

XVII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы қорытындыланды

2021 жылғы 8-13 қаңтар аралығында Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінде мамандандырылған білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған математика, физика және информатика пәндерінен XVII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы онлайн форматта өтті. 

Олимпиадаға Австралия, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Болгария, Грузия, Дания, Үндістан, Индонезия, Иран, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Румыния, Сербия, Тәжікстан, Түркіменстан, Түркия, Өзбекстан және Украина елдерінен 146 команда құрамында мыңнан астам оқушы қатысты.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша қазақстандық оқушылар 90 (13 алтын, 37 күміс және 40 қола) медаль жеңіп алды.

Олимпиаданың нәтижесі бойынша 500 қатысушы жүлдегер атанды.

Басқа материалдар

Back to top button