Жаңалық

Жымпитыдағы Алашорда үйі

Батыс Қазақстан облысының Жымпиты кентінде Алаш тарихымен байланысты бірнеше ғимарат салынған. Оның бірі – күнбатыс Алашорданың кеңсесі. Ruh.kz порталы аталмыш ғимараттың тарихы жайлы мәліметтерді ұсынады.

ХІХ ғасырдың соңында бой көтерген екі қабатты ағаш үй қабырғасы саман тастан тұрғызылып, сыртқы қабаты тақтаймен қапталған.

Орыс саудагерлері осы ғимаратты салғаннан кейін 1890 жылдың аяғында астық тартатын механикалық диірмен салады. Онда сөктен бастап ең қымбат сапалы астық тартып, Орынбор, Оралға дейін жеткізіп сатқан.

Алашорданың Батыс бөлімшесін кұру туралы шешімге Ә. Бөкейханов 1918 жылдың 11 қыркүйегінде қол қойяды. Бұл шешімді Ә. Бөкейханов Уфа қаласында өткен және У. Танашев, X. Досмұхамедов, Ж. Досмұхамедов, А. Бірімжанов, Ә. Ермеков және М. Тынышбаев қатынасқан мәжілістің келісімі бойынша жасады. Алашорданың батыс бөлімшесін Жаһанша Досмұхамедов басқарса, Халел Досмұхамедов оның орынбасары болып тағайындалады. Осылайша, бұрынғы диірмен ғимараты әкімшілік кеңсеге айналады.

Айта кететіні, Алашорданың батыс қанаты ең ұзақ: 19 ай, яғни 578 күн бойы өмір сүрген.

Жаһанша мен Халел Досмұхамедовтердің жұмыс кеңсесі болған ғимарат атаман Таракановтың үйі совет кезінде де бірде НКВД, әскери комиссариат, аудандық мәдениет бөлімі және басқа да кеңсе қызметін атқарды. Тек 2007 жылы ғимарат күрделі жөндеуден өтіп, Сырым Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің балансына берілген. Бүгін «Алаш залдары» деп аталатын бұл ғимаратта Алаш қозғалысы тарихына арналған 400-дей жәдігер, құжаттар, фотосуреттер орналасқан.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button