Жаңалық

Қазіргі заманғы бейнелеу өнерінің көрмесі ашылды

Елордамызда «Мәңгілік ел» Салтанат қақпасында, «Нұр-Сұлтан қаласының мәдениет басқармасы» ММ, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі дирекциясы» және ҚР Суретшілер Одағының ұйымдастыруымен Қазіргі заманғы бейнелеу өнерінің көрмесі ашылды. 

Көрменің мақсаты мен міндеттері: бейнелеу өнерімен таныстыру арқылы келушілердің эстетикалық мәдениетін қалыптастыру, ұлттық мәдениетті оның ішінде «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларында белгіленген бастамаларды насихаттау, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету, бейнелеу шығармашылығы арқылы жастардың адамгершілік және рухани тәрбиесін молайту, суретшілер мен көрермендердің көркемдік өзара әрекеттесуіне және қарым-қатынасына ықпал ететін шығармашылық кеңістік құру, бейнелеу өнеріне қоғамның қызығушылығын арттыру.

Көрмеге келуші қонақтарға 100-ден астам картина, Қазақстанның түрлі қалаларынан келген дарынды суретшілер туындыларының кең палитрасы ұсынылған. Әр жұмыста жоғары сапа белгісі бар, ал егжей-тегжейлі және күрделі стиль әр суретшіні бейнелеу өнерінде бөлек орынға шығарады. Галереямызда пейзаждар және ескі қаланың көрінісі үйлесім тауып, сонымен қатар, экспозицияда орналасқан әртүрлі жанрларда орындалған портреттер, натюрморттар, сюжеттік және дерексіз композициялар орын тапты.

Көрме 2020 жылдың 15 ақпан айына дейін жалғасады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button