Жаңалық

Жібек жолы мұрасын зерттеп жүрген жас ғалымдарға грант ұсынылады

UNESCO өкілдері жастарды Ұлы Жібек жолының мұрасын зерттеуге бөлінетін стипендияға өтінім беруге шақырады. Бұл – UNESCO-ның жаңа бастамасы, деп хабарлайды Ruh.kz UNESCO-ның ресми сайтына сілтеме жасап.

“”Жібек жолының ортақ мұрасы және көпқырлылығы”, “Жібек жолының мәдени саналуандығы” және “Жібек жолы мұрасы қазіргі заманғы шығармашылықтың, мәдениетаралық диалогтың, әлеуметтік тұтастықтың, өңірлік және халықаралық ынтымақтастықтың негізі ретінде” тақырыптарын зерттейтін 12 жас ғалымға 10 мың доллар грант беріледі”, – делінген ресми хабарламада.

Грантты алуға 35 жасқа дейінгі аспирантура студенттері өтініш бере алады. Зерттеулерге жеке тұлғалар да, жас ғалымдар тобы да қатыса алады.

Өтінімдер 18 сәуірге дейін қабылданады.

Толық ақпарат UNESCO-ның ресми сайтында.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button