Жаңалық

Павлодарлық конькиші әлем кубогінде қола медаль еншіледі

Нидерландының Херенвен қаласында конькимен жүгіру спорты бойынша әлем кубогі өтті. 

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің мәлімдеуінше, ерлер арасында 1500 м қашықтық бойынша павлодарлық Виталий Щиголев қола жүлдеге ие болды.

«Виталий Щиголев «В» дивизонында ел қоржынына кіші қоланы салды. Ол 1500 метр қашықтықты 1:47.195 уақытта бағындырып, өз тобында үшінші болды», – деді комитеттің баспасөз қызметінде.

Еске салайық, павлодарлық спортшы өткен жылы АҚШ-та өткен «Төрт құрлық турнирінде» 5000 метрге жүгіруден алтын медаль жеңіп алған болатын.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button