Жаңалық

Шымкентте «Әкелер мектебі» ашылды

Мектептің жылдық жоспарына сәйкес әкелер алдағы уақытта оқушылармен ақпараттық-танымдық, спорттық және тағылымы мол шараларда бас қосып, белсенді жұмыстар жүргізбек. 

Аталған кеңестің төрағасы Исамудин Рысбай алқа мәжілісінде жаңа құрылған мектеп құрамын таныстырды. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Кенжехан Төлебаев аталмыш ұйымның Төрағасы болып бекітілді.

«Білім ордаларында «Қыздар», «Аналар», «Әкелер» клубтары ашылған. Бірақ «Әкелер мектебінің» жұмысы ауадай қажет. Ажырасу бойынша да статистика мәз емес. Өкініштісі, әке мен ата тәрбиесі ақсап жатыр. Жастар салт-дәстүрімізді жетік білетін үлкендердің тәліміне мұқтаж», – деді қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева.

Мектеп құрамында Абай ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ұ. Башенов, Еңбекші ауданынан З. Жайшыбеков, тарих ғылымдарының кандидаты Қ. Анарбаев, саясаттанушы, философия ғылымдарының кандидаты С. Аралбайұлы, теолог М. Естеміров, еңбек ардагерлері Е. Сатқанбай, И. Төлегенұлы бар.

«Шымкентте бір жылда 2800 неке бұзылғаны жөнінде дерек айтылды. Бұл ел ағаларын бейжай қалдырмады. Жаһандану дәуіріндегі ұлттық рух пен ұлттық тәрбиені сақтау біздің басты міндетіміз болуы керек», – деді қалалық ардагерлер кеңесінің мәдени, жастар және ұлтаралық орталықтармен жұмыс жасау жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Мыңжасар Асқаров.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button