Жаңалық

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы Республикалық байқау қорытындыланды

Нұрғиса Тілендиевтің 95 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған байқау өз мәресіне жетті. 

Әйгілі композитор Нұрғиса Тілендиевтің 95 жылдық мерейтойына орай Алматыда  ұйымдастырылған балалар мен жасөспірімдер арасындағы Республикалық байқау өз мәресіне жетті.

Бірнеше бағыт бойынша өткен онлайн жарыстың жеңімпаздары түрлі сыйлыққа ие болып, салтанатты түрде марапатталды. Сондай-ақ, іс-шараға еліміздің түрлі өнер майталмандары қатысып, жас өнерпаздарға баталарын берді.

«Нұрғиса Тілендиев атамыздың 95 жылдығына орай онлайн форматта республикалық дода өткіздік. Байқаудың шарты бойынша қатысушылар өлең оқып, ұлттық аспаптарда күй шертіп сайысты», – деді Алматы қаласы  мұражайлар бірлестігінің директоры Әнуар Үмбетәлиев.

Басқа материалдар

Back to top button