Жаңалық

Киберспорт командасы жасақталуда

Торайғыров университетінде 3D ашық онлайн мектебі іске қосылды. 

ЖОО баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, жуырда университет студенттік киберспорттан ұлттық қауымдастықтың мүшесі атанды. Енді жастар ұлттық біріншіліктің екінші маусымына дайындалуда.

«Бұл кезеңде PubgMobile, Dota 2, Mobile Legends, CS2 және басқа пәндер бойынша студенттер арасында турнир өтпек. Қазіргі таңда 3D-модельдеуді мектеп кезінен үйренген жөн. Бұл бағыт жоғары сұранысқа ие және бұл салада маман тапшылығы бар», – дейді IT HUB  директоры Дария Абыкенова. 

3D графикасын оқыту кезінде жастар Blender-ді меңгереді, модельдеу, скульптинг, анимация, симуляция, рендеринг және дыбысы бар монтаж, өңдеуден кейінгі жұмыс бойынша күштерін сынайды.

Байқауға қатысу үшін мына сілтемеден өтіп, тіркелу қажет.

Басқа материалдар

Back to top button