Жаңалық

Нұр-Сұлтанда мамыргүл бағы пайда болады

Елордада биыл 120 мыңға жуық тал егіледі деп хабарлайды Ruh.kz Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап.

Қала басшысының айтуына қарағанда, көшеттер «Қазақ елі» алаңы, Бейбітшілік және келісім сарайы, Оқушылар сарайының маңында және басқа да қоғамдық кеңістіктерде отырғызылады деп жоспарлануда.

«Елорданы «Нұр-Сұлтан-жайлы қала» шебер – жоспарының тұжырымдамасы аясында дамытып жатырмыз. Биыл жасыл аймақтар айтарлықтай ұлғаяды. Экологияны жақсарту мен қала тұрғындарының уақыт өткізуіне қолайлы орын құру үшін Нұр-Сұлтанды көгалдандырамыз. Сонымен бірге «Қазақ елі» алаңы, Бейбітшілік және келісім сарайы, Оқушылар сарайы, вокзал, әуежай, тұрақ кеңістігі сияқты аумақтарда ағаш отырғызуды жоспарлап отырмыз. Жоспарымызға сәйкес, биыл 120 мыңға жуық жасыл желек егіледі.

Пандемия бізге денсаулықты сақтау және спортпен шұғылдану қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Медицина қызметкерлері, мұғалімдер, құтқарушылар және басқалар коронавируспен күресте алдыңғы қатарда болды. Педагогтар, дәрігерлер мен құтқарушылардың құрметіне тақырыптық гүлзарлар мен саябақтарды ашып, оларды абаттандыруды жоспарлап отырмыз»,-деп жазды Алтай Көлгінов.

Шаһар басшысының мәліметінше, «Астана Балет» маңындағы аумақта жасыл бақ, «Астана Опера» аумағында емен бағы, ал Триатлон паркте мамыргүл бағы пайда болады.

Басқа материалдар

Back to top button