Жаңалық

Сапасыз жоғары оқу орындары жабылады

Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов сапасыз жоғарғы оқу орындарының жабылатынын айтты. 

«Академиялық адалдықты бұзғаны және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін лицензиядан айыруға дейінгі жауапкершілікті нормативтік-құқықтарға бекітуге дайындадық.

Сондай-ақ мемлекеттік бақылау жөніндегі заңнамаға лицензиялау және тексеру тәртібін өзгерту, лицензияларды қайтарып алу рәсімі бойынша нормаларға өзгерістер енгіземіз.

Сапасыз жоғары оқу орындарын жабу жұмысын ары қарай жалғастырамыз», – деді Асхат Аймағамбетов.

Басқа материалдар

Back to top button