Жаңалық

«Біржан – Сара» операсына 75 жыл

17 ақпан күні «Астана Опера» сахнасында музыкалық жауһардың 75 жылдығы аясында ұлттық классика мұрасы – М.Төлебаевтың «Біржан – Сара» операсы ұсынылмақ. 

Дирижерлік тұғырда – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қоюшы дирижер Абзал Мұхитдин.

«Барша музыкалық қауымдастық үшін бұл елеулі оқиға. «Біржан – Сара» қазақ опера өнерінің асыл мұрасы. 17 ақпан күні біз бұған дейінгі ауқымынан ерекшеленетін режиссерлік нұсқаны орындаймыз. Композитор Мұқан Төлебаевтың музыкасы жаратылысынан өте жарқын, әсем әрі сазды. «Біржан – Сара» операсында сазгер халық ақынының музыкалық дәйексөздерін пайдаланған, «Айтпай» әні бас кейіпкер бейнесінің бастамасы болады», – деді Абзал Мұхитдин.

«Біржан – Сара» операсының премьерасы 1946 жылы 7 қазанда Абай атындағы театрда өтті. Үш жылдан соң опера авторлары мен орындаушыларына Сталин сыйлығы берілді. 1958 жылы аталмыш спектакль Мәскеудегі Қазақстанның өнері мен әдебиетінің он күндігі кезінде көрсетілді. Шығарма шетелде де танымалдылыққа ие болды.

Осы операмен 2013 жылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Опера» театрының тұсауын кескен болатын. Көп жылдар бойы қойылым РФ Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Юрий Александровтың қойылымында өтті, сондай-ақ 2014 жылы Санкт-Петерборда Мариин театрының жаңа сахнасында ұсынылды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button