Жаңалық

Шымкентте көпбалалы аналар заңгерлерден тегін кеңес алды

Кездесу барысында заңгерлер көпбалалы аналарға отбасылық құқық және бала құқығы жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 

Шымкентте «Республикалық медиаторлар қауымдастығының» төрайымы Нұрбала Оразқұлова, медиатор Бағила Жумабаева және «ADILET GROUP» заңгерлік компаниясы өкілдері көпбалалы аналармен кездесті.

 

Кездесуде аналарды мазалаған сұрақтарға жауап беріліп, заң нормалары түсіндірілді.

 

Кездесу соңында «SHANYRAQ» орталығы мен «Республикалық медиаторлар қауымдастығы» және «ADILET GROUP» заңгерлік компаниясы әлеуметтік жағынан осал топтарға құқықтық жәрдем беру мақсатында меморандум жасасу туралы келісімге келді.

Басқа материалдар

Back to top button