Жаңалық

Ақтоты Райымқұлова министрлерге жыр эстафетасын жолдады

Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі өзінің Facebook желісіндегі парақшасында мәлімдеді. 

Белгілі ақын Маралтай Райымбекұлы Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына байланысты ақиық ақынның «Күн бүгін күңіреніп…» өлеңін оқып, жыр оқу эстафетасын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға жолдаған еді.

Мәдениет министрі аталмыш эстафетаны қабыл алып, ары қарай ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мен ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке жолдады.

«Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Маралтай Райымбекұлы жолдаған жыр эстафетасын құрметпен қабыл алып, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваға, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдəулетке, барша оқырман қауым мен бауырлас халыққа жолдаймын», – деп жазды Ақтоты Райымқұлова.  

Ruh.kz

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button