Жаңалық

Жамбылдық өнертапқыш өзін-өзі жөндейтін трактор құрастырып шығарды

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы Құмарық ауылының тұрғыны өзін-өзі жөндейтін трактор ойлап тапты, деп хабарлайды Ruh.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып. 

Жанболат Әмір есімді жас өнертапқыш шаруашылыққа, құрылысқа қажетті әмбебап техникаларды ойлап тауып, құрастырумен айналысады. Бүгінге дейін 3 шағын трактор жасап шығарған ол биыл жер жыртып, шөп шауып, құрылысқа қажетті бетонды араластырып, құм сала алатын трактор жасап шығарды. Ерекше айта кетерлігі, аталған трактор өзінің ақауларын өзі жөндеп, қайта іске қоса алады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button