Жаңалық

Павлодарлық жас ғалымдар 175 миллион теңге ұтып алды

Торайғыров университетінің төрт жас ғалымы ғылыми жобаларды қаржыландыру бойынша гранттарға ие болды. 

ЖОО баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Александр Барукин, Асылбек Касенов, Римма Уәлиева және Салтанат Әубәкірова алдағы үш жыл бойы кәсіпкерлік университет, фитосанитариялық бақылау, энергия үнемдеу және өзге де салалар бойынша зерттеу жүргізбек.

«Әр жас ғалым өз жобасы үшін 30-40 миллион теңге көлеміндегі грант ұтып алды. Мәселен, биолог Римма Уәлиева новосібірлік ғалымдармен бірге бидайдың өнімділігін арттыру мақсатында өсімдік шаруашылығы технологиясын жетілдіріп, мониторинг жүргізбек», – дейді университетте.

Электроэнергетик А. Барукин электр станцияларының схемаларын әзірлеуде. Олар, аналогтарына қарағанда, сенімді және апатты жағдайда да жұмыс істей береді.

А. Қасенов қолдану мерзімін ұзартып, қайта өңдеудің нақтылығын жақсартатын металл кесу құралдарын ұсынды. Сонымен қатар, жылу деформациялары азайып, тозуға жол берілмейді. Бірегей конструкциялар детальдердің өз бағасын азайтып, қайта өңдеудің өнімділігін арттырады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button