Жаңалық

Ауыл шаруашылығында жоғары өсім көрсеткен өңірлер аталды

Ақмола облысы мен Шымкент қаласында ауыл шаруашылығының жоғары өсімі тіркелді. 

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты

«Ауыл шаруашылығында жоғары өсімді Ақмола облысы және Шымкент қаласы көрсетті. Бұл ретте Атырау, Батыс Қазақстан Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарында төмендеу тіркелді. 7 экономикалық көрсеткіш бойынша өңірлік бөліністегі жалпы жағдай мынадай. 5 көрсеткіш бойынша 6 өңір өсім көрсетті. Олар – Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қостанай облыстары, сондай-ақ Шымкент қаласы», – деді ол.

Министрдің айтуынша, 7 өңірде 4 көрсеткіш бойынша өсу тіркелді. Бұл орташа деңгей саналады.

«4 өңірде 2-3 көрсеткіш бойынша өсім байқалды», – деді Әсет Ерғалиев.

Басқа материалдар

Back to top button