Жаңалық

Бір ай бойы ұлттық киіммен жүру ұсынылды

«JEBE» қоғамдық бірлестігі павлодарлықтарды наурыз айы бойы қазақтың ұлттық киімімен жүруге шақырады. 

Аталмыш бірлестік өңір тұрғындарына: «Құрметті павлодарлықтар, ардақты жерлестер! Баршаңызды 2021 жылдың 1-ші наурыз күнінен бастап күнделікті үйреншікті көйлек, жейде, костюмдеріңізді қазақтың ұлттық киіміне немесе ұлттық нақышы бар киімге алмастыруға шақырамыз!», – деп үндеу тастаған.

«Өкінішке қарай, қазіргі кезде сәукеле, бүрмелі көйлек, камзол, шапан, бөрік сияқты қазақ халқының ұлттық киімдері тек мереке-мейрамдарда, той-думандарда киетін ерекше киім үлгілеріне айналған. Басқа күндері сандықтың түбінде жатады. Сәйкесінше, оның мән-мағынасы мүлдем ескерілмей келеді. Дегенмен, бүгінде ұлттық нақышы бар, заманға бейімделген киім түрлері көптеп тігілуде», – дейді «JEBE» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Данияр Жұмаділ.

Қоғамдық бірлестік ұлттық иммунитетімізді сақтап, ұлттық болмысымызды айқындап тұратын ұлттық нақыштағы киімдерімізді киюді насихаттап, киімімізді Ұлыстың ұлы күнінде ғана емес, бір ай бойы, яғни 1-ші наурыздан бастап жұмыста, сабақта, түрлі ресми, бейресми жиындарда, басқа да орындарда киіп жүруге үндеу тастайды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button