Жаңалық

Әлішер Науаидің 580 жылдығына арналған кеш өтті

Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі өзбек этномәдени бірлестіктерімен бірлесіп, Халықаралық ана тілі күніне және ұлы ақын және ойшыл Әлішер Науаидің 580 жылдығына арналған Халықаралық рухани кеш өткізді. 

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Қазақстандағы Өзбекстан Республикасының елшісі, қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен ақындар, этномәдени бірлестіктердің басшылары, ЖОО студенттері және басқа да қонақтар қатысты.

Рухани кеш барысында қатысушылар тілдерді және мәдениетті дамыту, әдебиетке деген қызығушылықты қалыптастыру, сондай-ақ түркітілдес ақындар мен ойшылдардың әдеби мұрасын насихаттау мәселелерін қозғады.

Іс-шара соңында Нұр-Сұлтан қаласының Өзбек этномәдени орталығының ұйымдастыруымен «Науаи – Шығыс жұлдызы» челленджіне қатысушыларды онлайн-марапаттау рәсімі өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық Ана тілі күні 1999 жылдың қарашасында ЮНЕСКО-ның Бас конференциясында жарияланды және 2000 жылдың ақпанынан бастап жыл сайын тілдік және мәдени әртүрлілік пен көптілділікті насихаттау мақсатында аталып келеді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button