Жаңалық

Мектеп оқушылары арасында Қазақстан тарихы пәнінен олимпиада өтуде

Қашықтан өткізілетін ІІІ республикалық олимпиадаға қатысушылар қазақтан шыққан тұңғыш тарих ғылымдарының докторы, профессор Е.Бекмаханұлының өмірі мен ғылыми мұрасы жөніндегі және Қазақстан тарихы пәні бойынша тапсырмаларды орындауы тиіс деп хабарлайды Ruh.kz порталы qaztest.kz сайтына сілтеме жасап.

Ел мектептерінің 5 және 11 сынып оқушылары 5 ақпан мен 5 наурыз аралығында Е.Б. Бекмаханов атындағы Қазақстан тарихы пәнінен дәстүрлі ІІІ республикалық онлайн олимпиадаға қатыса алады. Бір кезеңнен тұратын доданың қорытындылары 10 наурызда шығарылады деп күтілуде.

«Қашықтан өткізілетін республикалық олимпиаданың мақсаты – қазақтан шыққан тұңғыш тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚазКСР ҒА-ның корреспондент-мүшесі Ермұхан Бекмаханұлының өмірі мен ғылыми мұрасын насихаттау. Олимпиада Е.Бекмаханұлының өмірі мен ғылыми мұрасы және Қазақстан тарихы пәні бойынша тапсырмаларды қамтиды. Жеңімпаздардың есімі 10 наурызда белгілі болады. Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар табысталса, 70 ұпай жинаған қатысушы Е.Бекмаханұлы атындағы «Жас тарихшы» төсбелгісімен және 25 ұпай алған қатысушылар «Жас тарихшы» дипломымен марапатталады», – делінген таратылған хабарламада.

Айта кетейік аралығында Е.Б. Бекмаханов атындағы Қазақстан тарихы пәнінен дәстүрлі ІІІ республикалық онлайн олимпиада qaztest.kz сайтында өтеді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button