Жаңалық

Алматы облысында Түркі елдерінің халықаралық кинофестивалі өтеді

Халықаралық деңгейдегі іс-шара аймақтың мәртебесін көтеріп қана қоймай, ішкі туризм мен отандық кинематографияны дамытуға үлкен себеп болады деп хабарлайды киностудияның Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап.

«Қазақфильмнің» президенті Ақан Сатаев өңір әкімі Амандық Баталовпен болған онлайн-кездесу барысында Ақан  Сатаев ұсынды.

«Қазақфильмнің» президенті аталған мәдени іс-шара аймақтың мәртебесін көтеріп қана қоймай, сонымен қатар ішкі туризм мен отандық кинематографияны дамытуға үлкен себеп болатынын атап өтті.

Облыс әкімі Амандық Баталов өз кезгінде жобаға қажетті қолдау көрсетуге дайын екендігін айтты.

«Әлемдік кинематография өкілдері Жетісу киноиндустриясын алға тартса, мен қуанар едім. Біз киноиндустрияны дамыту үшін барлық жағдайды жасауға дайынбыз. Туған жеріміздің сұлулығын бүкіл әлемге паш етіп, насихаттауымыз керек. Түркі елдерінің кинофестивалі біздің облыста өтетіні сөзсіз. Біздің жас режиссерлер кино саласының танымал шеберлерінен тәжірибе жинауы үшін мен барымды саламын» – деді Амандық Баталов.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button