Жаңалық

«Туған елге мың алғыс!» жалпыхалықтық эстафетасы басталды

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 1 наурыз – Алғыс айту күні қарсаңында «Туған елге мың алғыс!» эстафетасы (челлендж) бастау алды деп хабарлайды Ruh.kz порталы Ақпарат және қоғамдық даму минстрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Эстафетаға барлық ниет білдіріушілер қатыса алады.

Қазақстан халқы Ассамблеясынан Парламент Мәжілісінің депутаты Н. Деменьтева бастаған алғыс айту бейне-челленждін ҚХА мүшелері, депутаттар, үкіметтік емес ұйымдардың белсенділері, журналисттер, блогерлер, еріктілер және т.б. жалғастырды.

Челлендждің міндеті барлық қазақстандықтарды бірлік, бейбітшілік және келісім идеясы төңірегінде топтастыру, қазақстандықтар арасында қоғамдық коммуникацияның жоғары мәдениеті мен алғыс білдіру дәстүрлерін өрбіту болып табылады.

Эстафетаға қатысушылар #туғанелгемыңалғыс, #tuganelgemynalgys хэштегімен әлеуметтік желілерде өздерінің алғыстарын жариялап, бөлісуде.

Шара 5 наурызға дейін жалғасады.

Айта кетейік, эстафета Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен және Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен ұйымдастырылды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button