Жаңалық

Елордада қазақ мемлекеттігі туралы кітаптар таныстырылды

Елбасы кітапханасында «Ұлы дала және Қазақ мемлекеттілігі: жаңаша ой мен тың көзқарас» халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференциясы өтті деп хабарлайды Ruh.kz порталы кітапхананың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ұлы дала және Қазақ мемлекеттілігі: жаңаша ой мен тың көзқарас» халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференциясын ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтымен білесіп ұйымдастырды.

«Бұл іс-шараның Елбасы кітапханасының «Тәуелсіздіктің мәдени коды» атты жобасын іске асыру аясында өткізіліп жатқандығын атап өткім келеді. Жоба қоғамымызды, шетелдіктерді тәуелсіздігіміздің рухани-мәдени мұрасын дамытуға өзінің үлесін қосқан көрнекті тұлғалармен, ғалымдармен, жазушылармен, суретшілермен, сазгерлермен таныстыру», – деді Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат.

Іс-шара барысында белгілі тарихшы, профессор Бүркітбай Аяғанның «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда мемлекеті тарихы» атты қос тілді дәрістер жинағының тұсауы кесілді. Қазақ, орыс тілдерінде жарық көрген басылымның тың әрі қонымды деректері қазақ мемлекеттілігінің тарихынан сыр шертеді.

Сондай-ақ, конференцияда Висконсин университетінің  құрметті профессоры Юлай Шамильоглу (АҚШ), Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Зейнолла Самашұлы, Түркі әлемі институтының директоры, Саясаттану факультеті Халықаралық қатынастар бөлімінің қауымдастырылған профессоры (доцент) Мерием Хаким (Түркия), ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының бөлім басшысы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ғани Қарасаев, Ресей ІІМ Уфа заң институты Мемлекет және құқық тарихы мен теориясы кафедрасының профессоры, Башқұртстан мемлекеттік университетінің Ресей тарихы, деректану және тарихнама кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Роза Буканова (РФ, Уфа), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Мақсат Алпысбес, ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, PhD Жақсылық Сәбитов баяндама оқыды.

Басқа материалдар

Back to top button