Жаңалық

Шымкентте 2025 жылға дейін 6,5 млн түп ағаш егіледі

2021-2025 жылдар аралығында Шымкенттегі ағаш қоры екі есеге артады деп хабарлайды Ruh.kz порталы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов онлайн форматта өткен есепті кездесуде қаланы көгалдандыру жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында 5 жылға арналған іс-шара жоспары бекітілгенін мәлім етті. Аталмыш жоспарға сәйкес қалада ағаштардың 6,5 млн түбі отырғызылмақ.

«Біздің есебіміз бойынша қалада 6 миллионға жуық жасыл желек бар. Былтыр 2021-2025 жылдар аралығында «Жасыл белдеу» қалыптастырудың жоспарын бекіттік. Жоспар бойынша 6,5 млн түп ағаш егеміз. Биыл күзде бастаймыз. Қаладағы ағаш қоры екі есеге артады»,-деді М.Әйтенов.

Сонымен қатар, қалада жалпы аумағы 244 гектарды құрайтын 9 саябақ пен 37 гектарлық 39 гүлзар мен аллея бар. Қалада шамамен 40 гектар жерге «Шымсити» саябағын, сонымен бірге төрт гүлзар салу көзделуде.

Бұдан бөлек, шаһарда ауаның ластануын қадағалайтын 26 датчик орнатылады. Сол датчиктердің ақпараты қаладағы ЛЭД-экрандар мен телеарналардан және әлеуметтік желілер арқылы беріліп отырады.

Басқа материалдар

Back to top button