Жаңалық

«Ұлытау» тобы дүниежүзілік сайыста жеңіске жетті

Қазақстандық «Ұлытау» тобы дүниежүзілік DjookyMusicAwards сайысының Бас жүлдесін еншіледі деп хабарлайды Ruh.kz порталы топтың продюсері Қыдырәлі Болмановқа сілтеме жасап.

Аспапты этно-рок стиліндегі туындыларды орындайтын Ұлытау тобының продюсері Қыдырәлі өзінің Instagram парақшасында қазақстандықтардан сүйінші сұрады.

«Лос-Анжелес қаласында өткен бүкіл әлемдік #DjookyMusicAwards сайысынан бас жүлдені жеңіп алдық!

Бұл әрине бізге қолдау көрсетіп, дауыс берген Қазақ елі, сіздердің қолдауларыңыздың арқасы. Қиындығына қарамай дауыс берген жанашырларымызға басымызды иіп алғыс білдіреміз. Қазақтың туы биікте қалқысын, домбырамыздың үні әлемде шалқысын», – деп жазды топтың продюсері.

Айта кетейік, 2000 жылдардың басында құрылған қазақстандық «Ұлытау» тобы бүгінгі таңда әлемдік және халықаралық деңгейде өткізілген түрлі байқаулар мен фестивальдердің жеңімпазы болып табылады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button