Жаңалық

«100 жаңа есім» жобасына тіркелген 100-ші қатысушының есімі белгілі болды

Атыраулық Нұрлан Домбаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» республикалық жобасына қатысуға ниет білдірген 100-ші үміткер атанды деп хабарлайды Ruh.kz. порталы.

Атырау облысының тұрғыны Нұрлан Домбаев «Қазақстанныің 100 жаңа есімі» жалпыұлттық жобасына «Мәдениет және спорт» аталымы бойынша қатысуға ниет білдірген. Ол – паратаеквондодан «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері». 40 жастағы спортшы түрлі жылдарда Лондонда, Анталияда паратаэквондодан өткен Әлем чемпионаттарында, Кореяның  Чинхонь қаласында, Хошиминде, Иорданияның Амман қаласында өткен Азия чемпионаттарында жеңіске жеткен. Сонымен қатар, Нұрлан Мысырдың Хурга қаласында өткізілген пара-таеквандодан Afrikan Open 2019 IV-ші ашық Африка чемпионатында ІІ орынды иемденген болатын. Мұнымен қоса, бірнеше дүркін Әлем чемпионы бүгінгі таңда Токиодағы параолимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік беретін лицензияны иеленіп, дүбірлі додада еліміздің намысын қорғамақ.

Еске салайық 22 ақпанда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының төртінші кезеңінің басталғанын хабарлаған болатын.

Жобаға елде және елден тыс жерлерде тұратын қазақстандықтар қатыса алады. Қатысушылардың өтінімдері келесі 7 номинация бойынша іріктеледі: медицина, білім беру, ғылым және инновация, экология, мәдениет және спорт, бизнес, қоғам.

Қатысу үшін үміткерлер 100janaesim.ruh.kz сайтындағы сауалнаманы толтыру қажет. Жоба шарттарына сәйкес қатысушы сенімді ақпарат беруге міндеттенеді. Жалған ақпарат ұсыну, онлайн дауыс беру кезінде фальсификацияға жүгіну сынды немесе өзге де құқық бұзушылық актілері анықталса, ұйымдастырушылар қатысушыны жобадан шығарып жіберуге құқылы.

Барлық өтінімдер модерациядан өтеді, кейін сайтта жарияланады. Өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бүкілхалықтық онлайн дауыс беру басталады. Сондай-ақ, өтінімдердің белгілі бір бөлігі танымал қоғам және мәдениет қайраткерлері, спорт, бизнес өкілдерінен тұратын қазылар алқасының қарауына ұсынылады. Оған қоса осы жылдан бастап өткен маусымдардың жеңімпаздары қазылар алқасының құрамына енеді.

Дауыс беру кезінде ең көп ұпай жинаған және қазылар алқасының таңдауына ілінген қатысушылар ағымдағы жылдың сәуір айында жоба жеңімпаздары болып атанады.

Өтінімдерді қабылдау 15 наурызға дейін жалғасатын болады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button