Жаңалық

«Qaragandy habary» газетінің алғашқы саны жарық көрді

Бұл туралы өңірлік зиялы қауым өкілдері әлеуметтік желідегі парақшаларында жарыса жазып жатыр.

«Рухы төрлеген Қарағанды шаһарында қазақ тілінде ақпарат тарататын «Qaragandy habary» деп аталатын газеттің тұңғыш нөмірі жарық көрді», – деп сүйіншілейді желі қолданушылары.

Ақын Жанат Жаңқашұлы өзінің facebook парақшасында Қарағандыда осыған дейін қалалық газеттің болмағанын, бір замандарда ашылып, жабылып қалып отырғандығын жазған.

Алаш арысы Әлихан Бөкейханның туған күні қарсаңында тұсауы кесіліп отырған басылымның ғұмыры ұзақ болып, оқырманы көп болғай!

Газеттің құрылтайшысы, арқа еліне белгілі меценат, қоғам қайраткері – Бақтыбай Жүнісов.

Бас редакторы – белгілі журналист, ұстаз Ләззат Қожахмет. Газет «Кент» баспа үйінен шығарылады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button