Жаңалық

Мемлекет басшысы: Әлихан бастаған қазақ зиялылары мемлекетшілдіктің озық үлгісін көрсетті

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алаш қозғалысының негізін қалаушы Әлихан Бөкейхановтың туғанына 155 жыл толуына орай Twitter-де жазба қалдырды деп хабарлайды Ruh.kz порталы.

«Бүгін – тарихи тұлға Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл. Ол – халқымыздың біртуар перзенті, Алаш қозғалысының негізін қалаушы. ХХ ғасыр басында Әлихан бастаған қазақ зиялылары ұлттық мүдде жолында аянбай еңбек етіп, мемлекетшілдіктің озық үлгісін көрсетті» – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске салайық, Қазақ елі тарихындағы қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым Әлихан Бөкейханов 1866 жылы 5 наурызда дүниеге келген болатын.

Басқа материалдар

Back to top button