Жаңалық

«100 жаңа есім - 2021»: танымал 5 ару

Біздің алдымызда екі маңызды шара бар. Бірі – халықаралық әйелдер күні де, екіншісі – «100 жаңа есім» жобасының IV маусымы.

Өздеріңіз білетіндей, қазір аталмыш байқаудың алғашқы (өтінім қабылдау) кезеңі жүріп жатыр.

Алда айтып өткеніміздей, халықаралық әйелдер күні қарсаңында «100 жаңа есім – 2021» байқауына қатысуға өтінім білдірген 5 аруға тоқтала кетпекпіз. Сонымен, әзірге тіркелген 250-ден аса қатысушының арасында ерекше көзге түскен, бұған дейін де халық қошеметі мен алғысына ие болған бестік:

Едильбаева Индира – 2015 жылы өткен «Казахстан Дауысы» жобасының, 2020 жылы Украинада өткен «Голос Страны» жобасының финалисті. Қазақстандық әнші.

Ардана Ботай – аға лейтенант. Су-30СМ жойғыш ұшағын тізгіндеген әлемдегі жалғыз қыз. Сондай-ақ, Ардана Ботай Ан-26, L-39 және Су-30СМ ұшақтарын да игерген.

Әйгерім Рақыш – танымал әнші. Қазіргі таңда Әйгерімнің репертуарында 30-ға жуық ән бар. Музыкалық сыйлықтар рәсімінде «Жыл серпілісі» марапатын иеленген (Еurasian Music Awords, EMA 2017). 2018 жылы «I’ m a Singer Kazakhstan» жобасының екінші маусымының финалисі болды.

Айнұр Төлеу – «Отқарақ» кітабының, «Әдебиет пен адамзат» телебағдарламасының авторы. Мейімбет Майлин атындағы медальдің, «Абай» мерейтойлық медалінің иегері.

Сүлейменова Әлия – ITF таэквондо бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Екі дүркін әлем чемпионы. Азия чемпионы. Әлем кубогының абсолютті жеңімпазы.

Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз. Жеңіс тұғырында мықтылар кезігеріне кәміл сенімдіміз! Мереке құтты болсын!

Сұлтан Мұстафин

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button