Жаңалық

Қазақстандық боксшы Испаниядағы турнирде қола жүлдегер атанды

Павлодарлық боксшы Серік Теміржанов халықаралық турнирде ІІІ орынға ие болды. 

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті мәлім етті.

«Испанияның Костельон қаласында халықаралық «Boxam» турнирі аяқталды. Қазақстандық боксшылар төрт қола жүлдеге ие болды. 57 келіде шаршы алаңға шыққан Серік Теміржанов Пуэрто-Рико спортшысы Джеан Паулға есе жіберді. Нәтижесінде, жарысты жартылай финалдан тоқтатып, қола жүлдегер атанды», – деді комитеттің баспасөз қызметі.

Еске салайық, Испаниядағы жарыста олимпиада ойындарына жолдама алған боксшылар сынға түсті.

Серік Теміржанов америкалық Брюсь да Шаунды жеңіп, жартылай финалға жолдама алған еді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button