Жаңалық

Шымкенттік ұстаз ел үздігі атанды

Елімізде онлайн сабақ берген ең үздік ұстаз – шымкенттік педагог. Ол бастауыш сыныбының мұғалімі – Ділбар Нарметова.

Қашықтан оқыту кезінде оның шәкірттері ең белсенді және ең нәтижелі білім алғандар қатарына енген.

Қызықты және әсерлі. Шымкенттік ұстаз Ділбар Нарметованың басты мақсаты өз сабақтарын осылай өткізу. Сөзінше мұғалімге оқушыларды сабаққа алғашқы минутта-ақ қызықтырып үлгеру керек. Сонда ғана шәкірттер жаңа тақырыпқа назар аударып, ден қояды екен.

«Балалармен жұмыс істей жүріп, олардың әрқайсысымен қандай қарым-қатынас құруды үйренесің. Сабақтың көбін ойын форматында өткіземіз. Бәрі де жаңа бағдарлама бойынша», – дейді №45 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ділбар Нарметова.

Шымкенттік шәкірттер қазір аралас форматта білім алуда. Сондықтан да мұғалімдер сабақтың жартысын офлайн түрде өткізсе, кейін онлайн оқитын сыныпқа асығады.

Осыдан 10 жыл бұрын ел азаматтары үшін қашықтан оқу бейтаныс әлем болса, қазір ол қазақстандықтарға қалыпты білім алу форматына айналды.

«Біздің педагогымыз Ділбардың осындай жетістікке жеткені біз үшін мақтаныш. Ол республикалық «Білімленд» платформасында білім беруден бірінші орын алды. Біздің шәкірттер қашықтан білім алып жүр. Пәндік сабақтардың барлығы онлайн өтуде», – дейді №45 мектеп-гимназиясының директоры Рамиля Ескендірова.

Ал, Ділбар Анарқұлқызы балалардан үйренеріміз көп дейді. Сондықтан да дәстүрлі сабақтан гөрі жаңа бағытты қолдануды жөн санайды. Бастысы шәкірт сабақтан кейін жақсы көңіл күйде қалуы керек деп есептейді.

Басқа материалдар

Back to top button