Жаңалық

Тоғызқұмалақтан ел чемпионаты өтті

Павлодар облысының тоғызқұмалақ командасы ел біріншілігінде екінші орын еншіледі.

Павлодар облысының намысын жоғары спорттық шеберлік мектебінің тоғызқұмалақшылары қорғады.

«Тараз қаласында ерлер арасында өткен тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының командалық чемпионатында 6 спортшымыз бақ сынады. Нұрсұлтан Сүлейменов, Ринат Керейбаев, Ардақ Қанапашев, Алмаз Серіков, Жанат Каймульдин, Бауыржан Абылайханов күміс жүлдегер атанды», – дейді аталған мектеп мамандары.

Тоғызқұмалақтан ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Арыстан Қапаевтың шәкірттері жарыс қорытындысы бойынша Қызылорда облысының командасына жол беріп, ІІ орынды еншіледі.

Айта кетейік, турнирге республиканың облыстары мен қалаларынан барлығы 15 құрама команда, 89 спортшы қатысты.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button