Жаңалық

«Сары мысық» фильмі «Ника» киносыйлығынан үмітті

Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ Әділхан Ержановтың «Сары мысық» атты көркем фильмнің жаңа жетістіктері жайлы жариялады деп хабарлайды Ruh.kz порталы.

Өткен жылы Венеция кинофестиваліндегі премьерасымен дүниежүзі кинокөрсетілімдер арқылы салтанатты шеруін бастаған Әділхан Ержановтың «Сары мысық» көркем фильмі 45-ші Гонконг Халықаралық кинофестивалінің бағдарламасына «Авторлар» бөліміне кірді, сонымен қатар беделді ресейлік «Ника» киносыйлығының «ТМД, Балтық Грузия елдерінің үздік фильмдері» номинациясына ұсынылды.

«Бұл үлкен қуаныш пен абырой, мен біздің ұжымның еңбегі елеусіз қалмағанына қуаныштымын. «Сары мысықтың» шығармашылық ұжымын фильмнің кезекті жетістігімен құттықтаймын!» – деп, жазды фильмнің режиссері өзінің Facebook парақшасында.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button