Жаңалық

Қасым-Жомарт Тоқаев Иманбекті жеңісімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық Иманбек Зейкеновке аса беделді Grammy музыкалық сыйлығының табыс етілуі жөніндегі жаңалықты зор қуанышпен қабылдады деп хабарлайды Ruh.kz порталы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

«Өзінің таланты мен мақсат қоя білуінің арқасында диджей Imanbek әлемдік шоу-бизнестің басты сыйлықтарының бірін иеленді. Оның шығармашылығы қазақстандық жастардың да ең биік шыңдарды бағындыра алатынын дәлелдеді.

Президенттің атынан Иманбекті осы жарқын жеңісімен құттықтаймын және жаңа шығармашылық табыстар тілеймін!» – деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button