Жаңалық

Қазақстандық музыкант Иманбек Grammy сыйлығын жеңіп алды

Отандасымыз Иманбек Зейкеновтың SAINt JHN атты әншінің Roses әніне жазылған ремиксі Grammy сыйлығын иееленді деп хабарлайды Ruh.kz порталы аталмыш сыйлықтың Twitter парақшасына сілтеме жасап.

SAINt JHN атты әншінің Roses әніне жазылған Иманбек Зейкеновтың ремиксі төрт үміткердің жұмысынан озық шықты. Кейіннен рэпердің өзі Instagram парақшасында видео жариялады. Сыйлықты алған сәтінде қазақстандық өнерпаз ең алдымен ата-анасына, командасына, менеджеріне және осы сыйлыққа лайық деп тапқан Grammy қазыларына алғысын жеткізеді.

«Әр музыканттың карьерасындағы ең керемет сәт – Grammy сыйлығын иелену. Біз осы жетістікке қол жеткіздік!» деп жазады Иманбек Зейкенов.

Айта кетейік, Roses ремиксімен әлемдік музыка чарттарында суырылып алға шыққан Иманбек Зейкенов ата-анасымен бірге Павлодар облысының Ақсу қаласында тұрады. Өзінің айтуынша, ол ән әрлеуді жергілікті диджейлер мен продюсерлерден және Youtube желісіндегі видеосабақтан үйренген. Өткен жылдың желтоқсанына дейін ол жергілікті темір жол стансасында жұмыс істеді. 2019 жылдың жазында Иманбек Saint Jhn атты рэпердің Roses атты әнін тауып, соған ремикс жазуды қолға алады. Бұл композиция үш жыл бұрын шығып қойған болатын. Иманбек әнге ремикс жазып, оны әлеуметтік желіге жариялады. Арада бірнеше ай өткенде ол поп жұлдызға айналды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button